Демалыс көбейіп, жалақы азайып…

620
Минипедия

Наурыз айы мерекеге толы болып, демалыстың көптігімен көпшілікті қуантып еді. Сәуір айы да тәуір болып тұр. Яғни, сәуірде қазақтандықтар 9 күн демалып, 21 күн жұмыс істейтін болады. Қатарынан үш ай демалыстың молдығымен есте қалғалы тұр. Мамыр айы да алдыңғы екі айдан қалыспайды. 20 жұмыс күні және 11 күн демалыс болады.

20 сәуір демалыс күні болып саналады. Бұл күнге 28 сәуірдегі сенбі күнгі демалыс жұмыс күні болып ауыстырылады. Демалыс және мереке күндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады. 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күні. Осылайша қазақстандықтарға 29 сәуір және 1 мамыр күндері демалыс деп жарияланды.

Одан кейінгі 5 мамыр сенбі күні жұмыс күні болып сейсенбі 8-не ауыстырылады. 7 мамырда Отан қорғаушылар күні, ал 9 мамыр – Жеңіс күні. Осылайша қазақстандықтар төрт күн яғни, 6-9 мамыр аралығы демалатын болады.

Демалыстың көптігіне қуанатындар да бар, ренішін білдіріп жатқандар да жоқ емес. Демалыс көбейіп… Жалақы азайып…