Денсаулық күніне арналған іс шаралар жалғасуда

901

Оңтүстікте Халықаралық Денсаулық күніне арналған іс шаралар әлі де жалғасып жатыр. Бүгін салауатты өмір салтын қалыптасыру орталығының мамандары колледж студенттерін жинап, спорттық жарыстар ұйымдастарды.

Абай саябағына жиналған жастар қазақша күрес, жылдамдыққа жүгіру, мергендік сынды сайыстардан өзара мықтыларын анықтады. Жалпы іс шараға қаладағы бес колледж қатысты. Үздік деп танылғандарға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, денсаулық күніне арналған іс шаралар бір аптаға жуық жалғасады. Ертең, яғни 10 сәуір күні салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары арнайы әлеуметтік орталықтарда спорттық сайыстар ұйымдастырмақ. Мұндай іс шаралар облыстың өзге де аудандарында аптаның соңына дейін өткізіледі деп жоспарланған.