Этномәдени орталық өкілдерін құттықтады

538

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі, бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі.

Осы орайда Арыс қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен, қала әкімі М.Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев және қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Исламбеков қаламыздағы қоғамдық келісімді сақтауға, ұлтаралық ынтымақты нығайтуға айтарлықтай үлес қосып жүрген бірқатар этномәдени орталық өкілдерін, атап айтқанда славян этномәдени орталығының өкілі Кривко Лидия Николаевнаны, өзбек этномәдени орталығының өкілі Баймурзаев Курбанали Эргашевичті, иран-әзірбайжан этномәдени орталығының жетекшісі Ранджибари Хусен Хасановичті және татар-башқұрт этномәдени орталығының өкілі Сераева Таслима Юсуповнаны қала әкімінің Құттықтау қағазымен және мерекелік сый-сыйапатпен марапаттап, жанұяларында болып, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.

Шара барысында этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңдерде қол ұшын беріп, өсіп-өнулеріне, тілі мен дінінің сақталуына жағдай жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Қазақ еліне деген ыстық ықыластарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Әр этнос өкілдері әннен шашу шашып, ұлттық билерін билеп, тағамдарын ұсынды. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаған қала әкіміне алғыстарын білдірді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.