Көз жұмған курсанттың ісі бойынша Қорғаныс министрлігі тексеру жұмыстарын бастады

Бүгін белгілі болғанындай, «Жас Ұлан» мектебінде қаза тапқан курсанттың ісі бойынша ҚР Қорғаныс министрлігінен комиссия мүшелері Шымкентке келіп, тексеру жұмыстарын бастады. Бұл туралы «Отырар» арнасының тілшілері мектеп әкмішілігінен сұрап білді.

Мектеп әкімшілігінің мәліметі бойынша, көз жұмған тәлімгер 2002 жылғы, Шымкент қаласының тумасы. Оқу ордасының қызметкерлері жас жігіттің сабақ үстінде қаза тапқанын растады.

ІІД баспасөз қызметі мәлімдегендей, қайғылы жағдайға байланысты Абай АІІБ қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Тиісті медициналық сараптамалардан соң, 16 жасар курсанттың қандай жағдайда көз жұмғаны анықталатын болады.