Мүгедектікті айқындау жаңа жүйемен жүзеге асырылмақ

555
http://info-personal.ru

Алдағы уақытта елімізде мүгедектікті айқындау ережелері өзгермек. Бұрын мүмкіндігі шектеулі жандар белгіленген күні өзінің тұрғылықты жері бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясынан өтетін. Алдағы уақытта комиссияға арнайы барудың қажеті жоқ. Мүгедектің қатысуынсыз оның талдауларына қарап анықталатын болады.

Денсаулығы сыр берген жандардың мүгедектігін тәуелсіз сарапшылар анықтайтын болады. Ол үшін өтініш білдірушінің ЖСН нөмірі болса болғаны. 2018 жылдың 1-ші шілдесінен бастап қанатқақты жоба еліміздің төрт облысында яғни, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақмола облыстарында енгізілетін болады.

Ал 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қызмет түрі еліміздің барлық аймағында жүзеге асырылмақ. Енді адам ағзасындағы әрбір тін цифрландырылуы тиіс. УДЗ, ЭКГ және рентген құрылғыларының барлығы да бір жүйеге келтірілген бағдарламаға қосылады. Адамның қатысуынсыз-ақ, барлығын да бағдарламадан білуге болады.