КазИнформ

Шұғыл шақырылған кезектен тыс 22 сессияның алдында облыс мәслихатының тұрақты комиссиялары мен облыстық Кеңестің бірккен отырысы өтті. Күн тәртібіне енгізілген мәселелердің арасындағы қызу талқыланғандарына тоқталсақ. Ол әдеп жөніндегі комиссиясы туралы мәселе.

Қайрат Балабиев, облыс мәслихатының хатшысы: «Халықтан арыздар түседі. Оларды қарау керек. Өткен сессияда әдеп жөніндегі комиссия құру жөнінде Дулат Әбіш  ұсыныс жасаған еді».

Жан жақты талқыланған бұл мәселені депутаттар сессияның қарауына ұсынбай кейін қарауды шешті. Халық қалаулыларының басын қосуға негіз болған өзекті мәселелердің негізгісі — Мақтарал ауданын бөлу.

Алдағы сессияда халық қалаулылары Мақтарал ауданын үш ауданға, Сарыағаш ауданын екі ауданға бөлу жөнінде ұсынысын республикалық ономастикалық комиссияға жіберген болатын. Көп ұзамай, енді Мақтарал ауданын екіге бөлу тиімді деп жоғарыда шешіліпті. Оны қолдауға жергілікті депутаттар мәжбүр. Десе де халықтың аманатын жеткізгендер де көп болды.

Мақтаралдан сайланған депутат Сәду Бекенов бұл мәселені сессияда қайта қозғады. Өңір басшысы болса түсіністік танытып, қолдау көрсеткен депутаттарға алғысын білдірді.

«ҚР Әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы» Заңына сәйкес ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. Ендігі міндет өкілетті және атқару органдары бірігіп халыққа ауырлық тигізбей аталған аудандарды құру.

Шынар Оразова