Мақтарал АІІБ 1 ПБ-нің кезекші бөліміне әкімшіліктің қызметкерлері аудан аумағында белгісіз тұлғалар көше жарықтандыру тіректерінен аккумулятор ұрлап жүргендігі туралы арызданған.  Аталған жайт полиция бөлімінің СДТБТ «ұрлық» бабымен тіркелген.

Мақтарал АІІБ 1 ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында көше шамдарынан аккумулятор ұрлауды кәсіп қылған екі қылмыстық топты қолға түсірді. Олар 20-25 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Олардың арасында бұрын сотталғандар да бар. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың 20 аккумулятор ұрлығына қатысы барын анықтады. Ұрланған заттарды олар металл қабылдайтын орынға өткізіп, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған. Келтірілген жалпы шығын көлемі миллион теңгеден астам.

Аталған жайт бойынша «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда Мақтарал АІІБ 1ПБ-нің қызметкерлері бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты соның ішінде аккумулятор ұрлығын болдырмауға және ашуға бағытталған жедел профилактикалық іс –шаралар өткізуде.