Мақтарал ауданының тұрғыны Қарлығаш Қабылова дүниеге үшем әкелді. Мүслім, Ислам, Имран атты шекесі торсықтай үшемнің бүгінде жағдайлары жақсы.
Шымкент қаласының Нұрсәт шағынауданында орналасқан нөмірі 4-ші облыстық перинаталдық орталықта туылған үшемнің бастапқыда жағдайы ауыр болған деседі дәрігерлер.
Ақ халаттылардың тынымсыз еңбегі мен күтімінің арқасында бүгін үшем аман есен перзентханадан шығарылады. Үшемнің алдында бұл отбасы 2013 жылы және 2015 жылы туған бір ұл, бір қызы бар. 1993 жылы туған 25 жастағы Қарлығаш Қабылова көпбалалы ана атанып отыр.
Айта кетейік, бұл биылғы жылы дүниеге келген Оңтүстіктегі үшінші үшем. Бұдан бұрын Шардара, Кентау тұрғындарының шаңырағында үшемдер дүниеге келіп, бүкіл елді қуантқан болатын.