2018 жылдың 26 наурызы күні Алматы –Ташкент –Термез тас жолының Шымкент қаласына қарасты аумағында мас халде болған 1960 жылғы азамат өзінің басқаруындағы маркасы ВАЗ-21074 автокөлігімен екі адамды қағып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
Салдарынан 1962 жылғы азамат пен 1961 жылғы азаматша, яғни олар жүргізушінің туған інісі мен жұбайы оқиға орнында қаза тапты. Оқиға орнына жеткен ОҚО ІІД-нің жедел-тергеу тобы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп, сараптамалар тағайындады. Күдікті қамауға алынды.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен сотқа дейінгі тергеп- тексмеру амалдары жүруде.