Мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі өтті

1097
Сарыағаш ауданы әкімдігі

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында «Халыққа қызмет көрсету орталығында» «Ашық мемлекет » мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өтті.

Бұған ҚР Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамашы болып отыр. Аталған шараны Абай ауылы əкімінің аппараты мен Халыққа қызмет көрсету орталығы ұйымдастырды.

Жәрмеңкеге мемлекеттік қызметтер бойынша көптеген сұранысқа ие тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, жер қатынастары, жұмыспен қамту жəне басқа да бағыттарда мемлекеттік қызметтер көрсететін Сарыағаш ауданының жергілікті жəне аумақтық органдарының білікті мамандары қатысып түсіндіріп, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер туралы кеңінен жеткізді.

Жәрмеңкеге 122 адам келді, олардың 93 тиісті кеңес кеңес алса, 14 адамға тікелей қызмет көрсетілді. Электронды цифрлы кілтті алғысы келетіндердің барлығына қызмет көрсетілді жəне алдағы уақытта тұрғындар көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді үйлерінен шықпай- ақ қол жеткізеді.

Жәрмеңкеге аудан тұрғындары қатысып оларға брошюралар таратылды. Мұндай мемлекеттік қызмет жәрмеңкесі ауданның барлық аумағында жалғасын табатын болады.