Миллион теңгеге жуық көлік салығын төлейді

490
Jeep

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында талап қоюшы Д.А.  жауапкер А.Б.-ға  «Jeep Grand Cherokee» маркалы автокөлігін заңсыз иелігінен қайтарып алу  және сот шығындарын өндіру талап қою арызымен қозғалған азаматтық  ісі қаралды.

Істі қарау барысында төрағалық етуші судья тараптарға Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заң нормаларын түсіндірудің арқасында тараптар дауды медиация тәртібімен аяқтау туралы келісімді бекітуді сұранған.

Оның шарттары бойынша жауапкер «Jeep Grand Cherokee» автокөлігінің 2014 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылға дейінгі барлығы 954 620 теңге салығын және сол жылдардағы айыппұлдарды 12.05.2018 жылға дейін талап қоюшыға төлеуге және аталған сомма төленгеннен кейін аталған автокөлікті өзінің атына рәсімдеуге міндеттенді, ал талап қоюшы Д.А. өз кезегінде «Jeep Grand Cherokee» автокөлігінің 2014 жылғы тоғыз айына барлығы 238 188 теңге салығын 2018 жылдың сәуір айының 25-не  дейін төлеуге міндеттеме алып,  талап қою арызынан бас тартқан.

Соттың ұйғарымымен тараптардың араларындағы түзiлген, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі, ондағы шарттарымен қоса бекiтiліп, іс бойынша төленген 23 000 теңге мемлекеттік баж салығы талап қоюшыға қайтарылып, iс жүргізу өндiрiстен тоқтатылды.