ОҚО-да құны миллион теңге тұратын трансформаторларды ұрлаған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Бәйдібек АІІБ — не жергілікті фирманың қызметкерлер арызданған. Жәбірленушілер өз шағымында ірі фирмадағы құны 1 млн. теңге тұратын трансфаоматорлар ұрланғаны жөнінде арыданған. Сондай-ақ дәл осындай арызбен бірнеше жергілікті тұрғындар арызданыпты.
Жедел іздестіру барысында полицейлер 7 азаматты құрықтаған. Олардан айғақты зат ретінде ұрланған трансформаторлардың бөлшегі мен көлігінен өзге де электр жарығына пайдаланатын құрылғылар табылды.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің басқа да осыған ұқсас 5 қылмыстық іске қатысы бар екенін анықтады. Құрықталған қылмыстық топта 7 адам болған. Күдіктілердің барлығы қамауда.