ОҚО-да барымтаны кәсіп еткен екі тұрғын ұсталды

452

ОҚО ІІД Сарыағаш АІІБ-на жергілікті тұрғын арызданып, онда арқандаулы тұрған 1 бас жылқысын белгісіз азаматтардың ұрлап кеткенін көрсеткен. Сондай-ақ ертесі күні, яғни 25 сәуірде тағы бір жергілікті тұрғын жайылымдағы 2 бас жылқысының жоғалғанын айтып полицияға шағымданған. Жәбірленушілерге жалпы 700 мың теңге шығын келген. Аталған деректер Сарыағаш АІІБ-ның СДТБТ-не ҚР ҚК-нің ұрлық бабымен тіркелді.

Орын алған деректер бойынша Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлерінен жедел –іздестіру тобы құрылып, жан-жақтама іздеу жұмыстары қолға алынған. Нәтижесінде ізі суымай жергілікті екі жас жігіт анықталып ұсталды.

Ұсталған күдіктілер ұрлық әрекеттерін, жылқылардың жайылымда қараусыз жүрген кезде іске асырған. Полиция қызметкерлері қазіргі таңда күдіктілердің басқа да ұрлық деректеріне қатысы бар-жоқтығын тексеру үстінде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы