Ойынхананы тонаған күдіктілер ұсталды

498

Наурыз айында түнгі уақытта Мақтарал АІІБ-нің кезекші бөліміне 1980 ж.т. жергілікті тұрғын арызданған. Онда белгісіз тұлғалар оның ойынханасына кіріп, күш көрсетіп, кассадан ақша мен ұялы телефонын алып кеткендігін хабарлаған. Аталған жайт негізінде «тонау» бабы бойынша СДТБТ-де тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның жалпы көлемі 150 мың теңгені құрады.

Қылмысты ашу мақсатында Мақтарал АІІБ-де тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер үш күдіктіні, яғни, 1991 ж.т. және 1993 ж.т. Шымкент қаласының және Мақтарал ауданының тұрғындарын ұстады.

Қазіргі таңда аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің «тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер тұтқындалған.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы