«Сүйек жаңғырту» дәстүрін дәріптеді

1153

Қазақтың алысты жақындатып, барды молайтатын дәстүрі көп. Соның бірі сүйек жаңғырту. Сары сүйек құдалардың қайта қыз алысып, қыз берісетін салтын сарыағаштық өнерпаздар сахнада қайта тірілтті. Екі әулеттің барыс-келісі азайған қатынасын қайта жиілететін сүйек жаңғырту дәстүрінің орындалуын арна тілшісі де көріп қайтты.

Ұзақ уақыт құдалығы жалғасқан құдаларды қазақ «Сарысүйек құдалар» деп атайды. Мәдениет үйінің өнерпаздары көнеден қалыптасқан осы бір дәстүр түрін шебер көрсете білді. Мұнда бір үйдің отбасының тірегі болып отырған ақ сақалды ата мен ақ жаулықты ана кіші ұлдарын сүйек жаңғырту жолымен үйлендіруді жөн санайды.

Бұл дәстүр тек нағашы жағынан өте алыстап кеткен бауырларды жақындату мақсатында жүзеге асырылады. Ескере кететін бір жағдай әке жағынан алыстаған ағайындарға қолданылмайды. Сондықтан болар, анасы баласына өзінің енесінің туысқандарынан қыз көреді. Мұндағы мақсат өзі танып-білетін елден келін алып текті ұрпақ жалғастыру еді.

Сүйек жаңғырту дәстүрінің басты құндылығы рулық ерекшеліктерді ескеру еді. Қойылымда ол жағы да көрініс тапты. Егер ұйымдастырушылар шынымен осы дәстр бойынша қосылған жұптарды тауып, сол кейіпкерлер арқылы насихатталғанда шынайы болары анық. Дегенмен басты кейіпкерлер рөлді алып шығуға барын салғандарын айтады

Болашақ ұрпақты береке-бірлікке, татулыққа шақыратын дәстүрдің бұл түрі бүгінде жиі болмаса да қыз бен жігіттің келісімімен қазір де жасалып келеді. Бұл іс-шара қазақ ұлттық құндылықтарының барлығы мән мағынаға толы екендігін айғақтайды.

Жанерке Хумар