Сарыағашта тағы да атыс

485

Сарыағаштықтарды басынан бақайшағына дейін мұздай қаруланған ба дерсің?! Аталмыш ауданда күн емес, апта аралатып атыс оқиғасы тікелуде. Осыған дейін аталған ауданда екі ауылдың жігіттерінің арасында жанжал туындап, атыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Күні кеше яғни, 9 сәуір күні Сарыағаш АІІБ-ның кезекші бөліміне аудандық орталық ауруханасынан атыс қаруынан жараланған белгісіз азаматтың мәйіті жеткізілгені туралы хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші Сарыағаш ауданының 1991 ж.т. тұрғыны екені анықталды.

«Адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнында ОҚО ІІД тергеу тобы жұмыс жасауда. Басқа мәліметтер тергеу барысында жарияланбайды», — делінген ОҚО ІІД баспасөз орталығы берген хабарламада.