Сатира театры «Айман-Шолпан»-ды сахналады

1642

«Айман-Шолпан». Өңіріміздегі әзіл-сықақ және сатира театры М.Әуезовтың бірегей комедиясын көрерменге ұсынып, кезекті премьерасын сахналады. Лиро-эпостық жыр-қойылым тарихта кездескен кейіпкерлер мен ондағы оқиға-жағдайларды, аңыз-әңгімелерді әжуалап жеткізген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысы. Елдің таным-тынысы. Қоғамдағы құзырет пен жұтаң жағдайлар. Көрермен қауым бұл уақиға-уәжді сүр сөзбен емес, жыр жолдарымен көріп-тыңдады. Халық арасындағы жұртшылықтың жанашыры – батырлықтың азып, іріліктің ұқсақталғана да куә болды.Эпостық жырдың негізгі оқиғасы – тама руының байы Маман мен шекті Көтібар батыр арасындағы өзара күресі арқылы көрініс тапқан. Жеке бастың бостандығы үшін көтеріледі. Ал «Айман мен Шолпан» – қойылымдағы қос бірдей қыз қара басының немесе қалтасының емес, қарашаның қамы үшін алаңдайды. Дәлірегі, Айман – тек жеке басының азаттығын үшін арпалысқан жоқ, ел тыныштығын, қауым ынтымағын ойлаған ақылды да айлалы ару. Сол заманда талайдың арманына айналған сұлулар үшін тартысты жәйттер де көп кездескен.

Өнер ұжымы М.Әуезовтың бірегей комедиясы – «Айман-Шолпанды» сахналау үшін бір жарым ай уақытын жұмсаған. Ал еңбектің қоюшы режиссері Мақсат Айтжанов эпостық шығарма көременнің көзайымы болып, талғам-сұранысына ие болуы үшін тың тәсілдер қолданғанын жасырған жоқ.Мақсат Айтжанов, қоюшы-ржиссер: «Бұл қойылым қоғамда ерекше ескеріліп, есте қалуы үшін аянып қалмағаным анық. Ал пьесаны білетін, мазмұнымен таныс адам, ол міндетті түрде келіп, көзбен көруі керек. Сіздің білетін, сіз оқыған, сіз көрген «Айман-Шолпаннан» бұл «Айман-Шолпаннан» кішкене өзгешерек. Себебі, бүгінгі таңдағы біздің қоғамның өзекті мәселені ашып-көрсету үшін мен, тіпті, кейіпкерлердің ауыздарындағы бірінің сөзін келесі біріне айтқызуыма тура келді». Айтулы лиро-эпостық жыр-қойылымға театрдың бір емес, 27 әртісі толығымен қатысқан. Бұдан бөлек, тағы өзге де өнер ошақтарынан қосымша 3 әртісті арнайы шақыруға тура келіпті. Айта өтетін ақпарат, биыл күнгейдегі ғана емес, Ел аумағындағы жалғыз және бірегей мәдениет мекемесі – облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының қызметін бастағына – 10 жыл толып отыр.