Шұлыққа жасырылған есірткі

531
1001golos.ru

Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс аумағында есірткіні өндіру көздерін және оны заңсыз тасымалдау арналарын жою, сондай-ақ сату нүктелерін анықтау мақсатында үздіксіз жұмыстар атқарып келеді.

Мәселен, ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес өкілдері Шымкент қаласының тұрғынына белгісіз азамат өзінің есірткі затын сатып алуға ұсыныс жасағанын анықтаған.

Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру шаралары кезінде полицейлер 1969 жылы туылған Шымкент қаласы, Сайрам ауданының тұрғынын қолға түсірді.
Қолға түскен күдіктінің жеке басына жүргізілген тінту жұмыстары кезінде оның оң жақ шұлығынан қағаз орамаға оралған есірткі затына ұқсас зат табылды. Күдіктінің үйіне жүргізілген тексеру жұмыстары барысында көк түсті полиэтилен пакетіне оралған есірткі затына ұқсас зат табылып, тәркіленді.

Тағайындалған сараптамалар нәтижесінде, барлық табылған есірткі заттарының жалпы салмағы 400 грамнан астам «марихуана» есірткі заты екені анықталды.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өндеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.