Шымсити — болашақтың қаласы. Мұнда 2025 жылға дейін 60 мыңға жуық халық қоныстанады деген жоспар бар. Жаңа шағынауданның аумағы 427 гектарды құрайды. Қазір құрылыс қарқын алған, көпқабатты үйлер салынып, әлеуметтік нысандар тұрғызылып жатыр. Оған қажетті инфрақұрылым тартылуда.
Шағынауданда салынып жатқан көпқабатты 14 үй кезектегі жерлестерімізге жалдамалы және несиеге берілетін баспаналар. Сала мамандарының айтуынша оның құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады, бұдан бөлек биыл 17 үй мен оған қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізу басталған. Сонымен қатар 8 үйге жобалық сметелақ құжат әзірленіп, оған 3 млрд. теңге қаражат жұмсалады деп отыр. Шымкент сити шағынауданында бой көтеретін 324 көпқабатты тұрғын үйлерге қажетті инфрақұрылым 90 пайызға дайын.
Шымкент сити шағынауданы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы болуы тиіс. Сол себепті 59 гектарға демалыс аймағы, 7 мектеп, 23 бала бақша, спорт кешені 2000 орынды киноконцертзал және Бизнес орталығы бой көтереді .Ал осы құрылысқа қолданылатын құрылыс материалдары де заман талабына сай сапалы болуы тиіс .
Шымкент сити шағын ауданында бой көтеретін кейбір нысандар инвесторлардың көмегімен тұрғызылады деген жоспар бар. Бүгіннің өзінде астаналық бірнеше құрылыс компаниялары қызығушылық танытып отыр. Ал салынады деп жоспарланған Қаратау ауданы әкімдігінің ғимаратының техникалық экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Нұрлан Күдерұлы