Облыстық Әдет ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұйымдастырған байқау екі күнге жалғасты. Қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүр мен әдет ғұрыпқа деген құрметін арттырып, ұлттық қасиеттерге бағыт бағдар беру бұл байқаудың басты мақсаты.
Қарлығаш Әбілдақызы Ордабасы ауданының аруы атағын жеңіп алған сұлу. «Үкілі ару» атағынан үмітті. Бүгінгі сайыста кеспе кесу шеберлігін қазылар сарапқа салды. Сөйтіп, арулардың тұрмысқа бейімділігі мен үй шаруасына ептілігі сыналды. «Бұл сайыстың қыздарға берері мол», — дейді Қарлығаштың өзі.
Қарлығаш Аманбек, қатысушы: Біз секілді қыздарға бүгінгі байқаудың берері мол. «Үкілі аруға» қатысамын деп талай қажетті құнды дүниені үйрендім. Тоқыма тоқып, кеспе кесіп, кесте тігу мен ұршық игеруді меңгердім. Аруларға сәттілік тілеймін».
Арулардың ісмерлігі де сарапқа салынатын сайыста сұлулар күбі пісіп, самаурын қайнатты. Құрақ құрап, жүк жиып, ұршық иіру, жамау салу сынды бүгінгінің сылқымдары сіңіре бермеген қазақ қызының қыр сыры да басты назарда. «Үкілі ару» үміткерлеріне ардақты аналар қазылық жасады.
Облыстық Әдет ғұрып және салт-дәстүр орталығы бұл байқауды жыл сайын өткізуді дәстүр еткен. Қазақ қызының ұлттық түп тамырына бойлай түсу үшін бүгінгі шара керек — ақ дейді ұйымдастырушылар.