Шымкентте балмұздақтан уланғандарға сатушылардың өзі қауіпті инфекцияны таратқан болып шықты. Арнайы медициналық сараптама жұмыстарын жүргізген санитар мамандар осындай қорытындыға келді.

Айтуларынша, балмұздақ дүңгіршегіндегі екі қызметкерден салмонеллез және бір тауар тасымалдаушыдан стафилакок індеті анықталған. Санитар дәрігерлер қауіпті вирус жұқтырған сатушылардың тізімін медициналық мекеме басшылығына емдеу үшін жіберді.

Тазалықты сақтамаған сатушылар қылмыстық жауапкершіліктен бөлек, енді ұзақ уақыт бойы аурухана төсегінде жатып, ем қабылдауы тиіс. Еске салайық, осыдан екі апта бұрын шымкенттіктер жаппай балмұздақтан уланып, ауруханадан бір-ақ шыққан болатын. Ұшынғандардың жалпы саны — 188.