Бүгін Шымкентте бірінші халықаралық білім көрмесі жұмысын бастады. «Нұрсәт» шағын ауданындағы «Көрме» орталығында ұйымдастырылған іс шара 20-шы сәуірге дейін жалғасады.
Мақсат- оқушыларға мамандық таңдауда бағыт бағдар беріп қана қоймай, республика мен шет елдегі жоғары оқу орындарының мүкіндігімен таныстыру.
Білім көрмесіне келушілердің арасында мектеп оқушылары басым. Ол түсінікті де. Өйткені, қазірден мамандықтарын таңдап, қай жоғары оқу орнында білімін шыңдайтынын анықтап алса, болашағы үшін жақсы екенін біледі. Шымкенттегі №12 мектепті биыл тәмамдайтын Айсана Рахманова құрбысымен көрмеге қатысып өз таңдауын жасады.
Айсана Рахманова, 11 сынып оқушысы: «Мен медицина мамандығы иесі болмақпын. Білімімді жалғастыратын оқу орнын да таңдап қойдым. Шымкентте де оқуымды жалғастыруға мүмкіндігім бар екен. Осындай көрмелер жиі ұйымдастырылып тұрса екен. Біз үшін үлкен мүмкіндік. Бүгін техникалық мамандықтар бойынша ЖОО өкілдері келіпті. Мен медицина мамандығын таңдағандықтан осы сала бойынша келушілерді күткен едім. »
Бірінші халықаралық білім көрмесіне қатысушылардың арасында техникалық мамандықтар даярлайтын жоғары және орта арнайы білім ордалары басым. Республикамыздың өзге өңірлерінен, Америка, Канада Чехия сияқты шетелден арнайы қатысқан ЖОО, орталықтардың өкілдері грант , стипендиялар бойынша жеңілдіктері жөнінде оқушыларға түсініктеме де берді. Ресейдегі Толятти мемлекеттік универститенінің әсіресе ұл балаларға берері мол.
Алтыбай Садуақас: «Ақтобедегі ЖОО өкілі Толятти мемлекеттік университетінің Актөбедегі филиалымыз. Бізге оқығандар тәжірибені көлік шығаратын белгілі Толятти зауытында өтеді және жұмысқа да сол жерде орналаса алады. Және бізде жақсы оқыған шәкірттерге грант бөлінеді».
Білім және ғылым министрлігіг және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған Білім көрмесі екі күнге жалғасады. Оның шеңберінде семинарлар, іскерлік қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған іс шаралар қарастырылған. Мұнда екінші білім алу мүмкіндіктері және кәсіби деңгейді көтеру мүмкіндіктері бойынша да толыққанды мәлімет алуыңызға болады. Сондықтан да мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмай оқу орнын таңдау, білім берудегі ақпараттық технологияларымен танысамын десеңіз Көрме орталығына келіңіздер.