Шымкенттік тұрғындар полицейлермен қоян қолтық жұмыс жасамақ

698

Көршілер бақылауы. Шымкентте жергілікті полиция қызметі осындай атаумен құқық бұзушылықты алдын алу мақсатында жоба қолға алды. Басты мақсат жергілікті тұрғындар полициямен қоян қолтық жұмыс жасап, ұрыларды бірге анықтауға ат салысады.

Ерекше жобаның жұмысы туралы Шымкент қалалық жергілікті полиция қызметінің бастығының міндетін атқарушы Исатай Асқарбеков мәлімдеді. Бұл жобаның қолға алудағы басты мақсат пәтер ұрлығын азайту. Өйткені қылмыстар арасында пәтер ұрлығы көш бастап тұр дейді мамандар.

Сондай-ақ,Исатай Асқарбеков жергілікті полиция қызметінің бір жылдық жұмысын қорытындылады. 2017 жылы қалада 19 433 қылмыс саны тіркелген. Оның ішінде аса ауыр қылмыс саны — 59. Жалпы алғанда қылмыс саны азайған.