Шымкенттік танымал блогер 2005 жылдан бері параноидты эпизодты шизофрения ауруымен дәрігерлердің тіркеуінде тұрған. Он жылдан кейін, яғни 2015 жылы бұл тіркеуден шығарылған. Жуырда 2018 жылдың наурыз айында блогердің психикалық ауытқуы бар екендігі анықталды.
Психиатр мен психологтан тұратын сарапшылар тобы бұл диагноздың қайта қозуы мүмкін екендігін қуаттаған. Сөйтіп бір ай арнайы мамандандырылған медициналық мекемесінде емдеу туралы сот қаулысы шыққан да еді.
Блогердің қорғаушысы апелляциялық шағым келтіргенімен қанағаттандырылмады. Дәл қазір қайта емдеу мекемесіне емделу мерзімін ұзарту туралы өтініш хаты сотта қаралуда. Бұл туралы бүгін облыстық сотта өткен брифингте судьялар мәлімдеді.
Айта кетейік, блогерге қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласы Абай аудандық сотында қаралуда.