Шымкенттік жастар айықпас дертке шалдыққан жандарға сыйлық жасады

649

Шымкенттік жастар айықпас дертке шалдыққан жандарға арналған «Паллиативті көмек және мейірбикелік күтімі» бөлімінің науқастарына үлкен қуаныш сыйлады. Жас суретшілер аурухананың арнайы бөліміне өздері салған 30 туындыны сыйға тартты.

Паллиативті көмек және мейірбикелік күтімі бөлімі «Т.О.Орынбаев атындағы Облыстық жоғары қысымды оттегімен емдеу орталығы» МКҚК – да 2015 жылы мамыр айында ашылған. Айықпас дертке шалдыққан азаматтарға арналған арнайы бөлімше 40 орынға есептелген.

Паллиативті көмек дегеніміз – қауіпті аурумен зардап шегетін адам үшін мамандырылған медициналық қызмет көрсету. Диагнозқа қарамай аурудың белгілерін жеңілдету. Негізгі мақсаты – емделушінің және оның отбасының өмір сапалығын жақсарту. Қосымша қолдау деңгейімен қамтамасыз ету үшін, паллиативті көмек дәрігерлермен, медбикелермен және басқа мамандармен бірге көрсетіледі.
Паллиативті көмек қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды симптоматикалық емдеу деп саналатын, қазір бұл ұғым дамудың соңғы сатысындағы кез келген ем қонбайтын созылмалы ауруларға, әрине, соның ішінде көпшілігі онкологиялық науқастарға таралады.

Қазіргі уақытта паллиативті көмек-медициналық және әлеуметтік қызметтің маңызды бағыты. Оның мақсаты физикалық, психикалық, рухани – басқа да симптомдарды және ауырсынуды тоқтату, мұқият бағалау, ерте анықтау арқасында алдын алу және қайғы-қасіреттерді жеңілдету арқылы ем қонбайтын науқастар мен олардың отбасының өмір сапасын жақсарту. Қауіпті және созылмалы аурулардан зардап шегетін (оның ішінде ісік ауруы, жүрек-тамыр аурулары, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, созылмалы өкпе ауруы, бүйректік жетіспеушілік, Альцгеймер ауруы, ЖҚТБ/АҚТҚ, біржақты амиотрофикалық склероз) адамдарға, паллиативті көмек олардың өмір сапалығын жақсартады.

Паллиативті көмек аурулардың демала алмау, шаршау, ішек қатуы, құсу, тәбет жоғалту, және ұйқыссыздық сияқты белгілерді басуға үлкен әсерін тигізеді. Бұл көмек емделушіге қайта қалпына келуге көмектеседі. Емделу кезеңін жеңіл өтуге ықпалын тигізеді. Паллиативті көмек емделуші, дәрігер-мамандар мен оның жанұясы арасында серіктестік қарым-қатынасын орналастырады. Қалыпты жағдайда сарапшылар тобы соның ішінде паллиативті көмек көрсететін мамандар тобы: дәрігерлер, медбикелер, және әлеуметтік қызметкерлер, сіздің өзіңіздің жеке дәрігеріңізбен біртұтас серіктес ретінде қызмет атқарады.

Паллиативті көмекті көрсететін мамандар тобының мүшесі боп массажистер, диетологтар және басқа адамдар бола алады. Паллиатитвті көмекті көрсетсетін мамандар емделушіге және оның отбасына медеу болып, емделудің негізгі мақсатын ашып, жақсы қолдау көрсетеді. 2015 жылы бөлімшеде 546 науқас ем қабымдаған. Олардың 240 обыр дертінен зардап шегеді. 2016 жылы емделген 913 науқастың 486 –ы онкологиялық кеселге шалдыққан. 2017 жылы 1066 адам ем алған, олардың 570 – і онконауқастар.