Созақ ауданындағы орнатылған бейнебақылау қондырғыларының көбісі істен шыққан. Қылмысты алдын алу, ашу ішін қойылған бұл құралдар әлі күнге ішкі істер органына берілмеген. Оларды күтіп ұстау, жөндеу механизмі жолға қойылмағандықтан, теріскейліктер қондырғыларды іске асыра алмай отыр. Бұл туралы аудан әкімі Полатхан Салықов мәлімдеді.

Былтыр атқарылған шаруаларды қорытып есеп берген аудан басшысы келер жылғы жоспарларымен де бөлісті. Теріскейліктерді тәртіпке шақыруы тиіс бейнежазба қондырғыларының істен шығуы бірінші кезекте қылмыстың ашылуына кері әсерін тигізуде. Құралдарды күтіп ұстау, жөндеу сияқты мәселелелер әлі күнге шешімін таппай келеді. Осылай деген аудан әкімі бүгінде өршіп тұрған мал ұрлығымен айналысатын әккілерді құрықтау да созбалаңға түсті дейді.

Есесіне, 2000-шы жылдары тартылып кеткен Қызылкөл соңғы жылдары кемеліне келіп, жергілікті халықтың еңсесін көтеріп тастады. Ерекше қорғауға алынған аумақтың тиісті құжаттары дайын болған соң жергілікті билік өкілері бұл маңайды заманауи демалыс аумағына айналдырамыз деп құлшынып отыр.

Теріскейліктердің көгілдір отынға қол жеткізетін күні алыс емес. Аудан елдімекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін қазір ЖСҚ әзірленуде дейді аудан әкімі. Жергілікті бюджеттен бұл мақстақа 78 млн. теңге қаржы бөлінген. Қазір магистральді газ құбырынның құрылысына қаражат қарастырылуда.