Сырым Шалабевтың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады

656

Облыстық тексеру комиссиясының экс-басшысы Сырым Шалабаев пен бұрынғы аудитор Біржан Құдияровтың апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды. Облыстық соттың қылмыстық істер алқасы осындай қаулы шығарды.

Шымкент қалалық Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен 7 жыл бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілген еді. Еске салайық, өткен жылдың шілде айында Сырым Шалабев 7 млн. теңге пара алып жатқан кезінде құрықталған болатын. Бұл іс бойынша экс-аудитор Біржан Құдияров та қылмыстық жауапкершілікке тартылған еді.

Айта кетейік, қылмыстық тергеу кезінде Шалабаев азаматтық іс бойынша сотқа жауапкер тартылған еді. Кредиторлардың талап арызы негізінде сот шешімімен жеке тұлғаларға Шалабаев 170 млн. теңге төлеп беруі тиіс.