Түркістанда Сбербанктің жаңа бөлімшесі ашылды

«Сбербанк» Түркістанда халыққа қызмет көрсететін бөлімшесін ашты. Жаңа кеңсе есеп бойынша банктің филиалдар желісіндегі 90-шысы. Салтанатты ашылу кезінде жауған жаңбырды түркістандықтар жақсылыққа балады. Банк қызметі көне қала тұрғындары үшін қол жетімді.

Игорь Коломейский ,»Сбербанк» АҚ  ЕБ директорлар кеңесінің төрағасы: «Сбербанк»командасының басты міндеті – банктің қызметіне бірінші рет жүгінгендер болса, олардың келесі жолы да бізге келуіне мүмкіндік жасау, олар осында келуге құштар болуы тиіс».

«Сбербанк» Қазақстанда өзінің қызмет аясын кеңейткенін кезекті рет дәлелдеді. Түркістан қаласы жаңа кеңсені ашуға кездейсоқ таңдалмаған. Рухани астана саналатын қала тек инвесторларды ғана емес, мұнда келуге ынтызар туристерді де қатты қызықтырады. Сондықтан да мұнда банктің сапалы қызметі көрсетілуі тиіс деп шешіпті банк басшылығы.

Игорь Коломейский, «Сбербанк» АҚ  ЕБ директорлар кеңесінің төрағасы: «Түркістан өңірдің тарихи орталығы, жыл сайын мұнда миллионнан астам туристер келеді. Сондықтан да, ақша айналымы жоғары деуге негіз бар. Яғни, бұл дегеніміз банктің сапалы қызметі мен инвестицияларды тартуды талап етеді. «Сбербанк» қаланың дамуына өз үлесін қосуға дайын. Және кәсіпорындар мен тұрғындарға сапалы заманауи банк қызметін ұсынуға әзірміз».

Түркістанда банк бөлімшесінің ашылуын күткендердің қатарында «Сбербанктің» қызметін тұрақты пайдаланатын тұрғындар жеткілікті. Қалада ашылған жаңа кеңсе оларға енді қаржыны да, уақытты да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Оған қала тұрғыны Нұрлан Есіркепов дән риза.

Нұрлан Есіркепов: «Мен банктің қызметін үші жыл пайдаланып келемін. Жалақы аламын, жеке үйімнің құрылысына несие алдым. Қызмет көрсету сапасы жоғары».

Қызмет көрсету сәті

Түркістан тұрғындары үшін енді «Сбербанк» қызметі мен өнімдері қол жетімді: есеп-кассалық қызмет көрсету, айырбастау мен аударымдар операциялары, несиелендіру, салымдарды қабылдау және банк карталары бойынша қызмет көрсету. Арнайы бекітілген аймақ «Сбербанк Онлайнда» банк менеджері клиенттерді арнайы digital-өнімдерін пайдалануға үйретеді: онлайн салымдары, автотөлемдер, аударылымдар бойынша болашақта қашықтықтан да қаржы қызметі түрлерін қолданатын болады.

Атап өтетін жәйт, «Сбербанктің» филиалдар желісінде бұл – 90-шы кеңсесі. Сбербанк Қазақстан нарығында 11 жыл бойы табысты қызмет жасап келеді және коммерциялық банктер арасында активтер көлемі жағынан 4-ші орынды иеленген.

№1.2.199/93/31 лицензиясы ҚР ҰБ 23.12.2014 ж. берілген.