Сарыағаш ауданы әкімдігінің Facebook парақшасынан

Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округінде «Алтай ата» спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыханов арнайы келіп қатысты.

Жаңа ғимараттың лентасын кесу Д.Тұрлыхановқа бұйырды. Аталмыш ғимаратты кәсіпкер Бауыржан Сәлімов ауылдастарына сыйға тартып отыр. Енді ауыл жастары мұнда спорттың дзюдо, бокс, күрес түрлерімен айналысатын болады. Оған қоса жанында үсті жабық спорт алаңшасы бар.

Ашылу салтанатынан кейін Сарыағаш қаласында грек-рим күресінен Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне орай 2005-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында Республикалық турнир бастау алды.

Аталмыш жарысқа Өзбекстаннан және өңіріміздің өзге де аудандарынан 250ден астам жас балуандар қатысты. Даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов жас балуандарға өз ізгі-тілектерін білдіріп, ел намысын абыроймен қорғайтын балуан болуға шақырып ниеттестігін білдірді.