Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-нің кезекші бөліміне 1991 ж.т. жергілікті жердің тұрғыны арызданған, онда 1990 ж.т. таныс қызы жалдамалы пәтерде, қалтасындағы 80 000 теңгесі мен құны 90 000 теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткендігін көрсеткен.
Шымкент қ. ІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының барысында «ізін суытпай» ұрлық жайты бойынша 1990 ж.т. азаматша ұсталды.
Қазіргі таңда ұрлық жайты бойынша күдікті тұлға қамауға алынып, тәртіп сақшыларымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы