Түркістанның экс-прокурорының талап тілегі қанағаттандырылмады

584
vesti.kz

Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры Зұлпыхаровқа қатысты сот отырысы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралып жатыр. Осы сотқа бір рет іс материалдары түсіп, тағы да айып тағылып кейін қосымша тергеуге қайта жіберілген болатын.

Осыған орай, сотталушының қорғаушысы сотқа талап тілек берген. Атап айтқанда, куәгерлердің бірінің сотталушыға білдірмей жасырын жасаған аудио, бейне жазбаларын дәлелдеме ретінде іске қоспауды, сондай — ақ күзетпен бұлтартпай ұстау шарасын өзгертуге талап хат берген. Сот қаулысында қорғаушының талап тілегін ішінара қанағаттандырды.

Ж.Сейтжаппаров, ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соттың төрағасы: «Зұлпыхаровқа ҚР ҚК-нің 366 — шы бабының 4-ші бөлігімен айып тағылуда. Бұл бап талаптары бойынша 15 жылға дейін бас бостандығын күзетпен бұлтартпай ұстау шарасын өзгерту талап тілегі қанағаттандырылмайды».