Тоғыс ауылына кәріз жүйелері жүргізілуде

856
yujanka.kz

Бұрын Төлеби ауданының құрамында болып, кейін Шымкент қаласы Еңбекші ауданының қарамағына өткен Тоғыс елді мекенінде түйіні тарқатылуы тиіс мәсеелер жоқ емес бар. Дегенмен біраз мәселе шешімін тауып келеді. Бүгінде қаланың орталығында тұратын тұрғындар қол жеткізе алмай отырған кәріз жүйесі Тоғыс ауылына тартылуда.

Жуырда ғана мұнда кәріз жүйелерін төсеу жұмыстары қол алынды. Шілде айында кәріз жүйелерінің трубаларын өткізуді аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан кейін тазалау қондығыларының жұмыстары басталмақ.

Күрделі құрылыс жұмыстары кезең кезеңімен жүзеге асырылуда. Одан кейін трансформатор орнатылмақ. Бәрі де жоспар бойынша жүзеге асырылатын болады. Барлық жұмыстар тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Жобаның жалпы құны 200 млн. теңгені құрайды.