Ағымдағы жылдың 22 наурызы күні Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, онда белгісіз азамат ұялы телефонын тартып алғанын көрсеткен. Полицияға тағы бірнеше тұрғын осы бағыттағы қылмыстар орын алғаны жайлы арызданған.

Аталған деректер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің «тонау» бабымен тіркелді. Осы деректер бойынша Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті жас жігіт анықталып қамауға алынды.

Полицейлер анықтағандай, күдікті қылмыстарды бір сызбамен іске асырған. Яғни күдікті жәбірленушілерден ақша мен ұялы телефондарды ашық түрде тартып алып отырған. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің тонау қылмысының 9 дерегіне қатыстылығын анықтады.

Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары Шымкент қаласындағы түрлі мекемелердің иелеріне өз қызметкерлеріңіздің қауіпсіздігін, барлық обектілерге бейне бақылау және «дабыл» жүйесін қосуды сұрайды.

Егер де сіз осы секілді қылмыстың куәгері немесе зардап шегушісі болсаңыз, дереу полицияға «102» нөміріне хабар беріңіз. Бұл әрекетіңіз қылмыскерді ізін суытпай құрықтап, ұрланған заттың қайтарылуына көмектеседі.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы