«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы Цифрлық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Азамат Жанысбаев:
— Ашылғанына небәрі үшінші айға аяқ басқан орталықтың жұмысы туралы айтып өтсеңіз…
— Жұмысын жаңа бастаған орталығымыз бүгінде тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетуде. Жаңа орталығымызға күніне 800-1000 – ға жуық тұтынушы келеді.
— Қандай қызмет түрлерін көрсетесіздер?
— Жаңа орталық болған соң барлық жұмыс жүйесі цифрлық түрде. Келушілер ұялы телефон арқылы ЖСН -ін базамызға ендіріп сан алуан электрондық қызметтерді ала алады. Мекен жай анықтамалары, зейнетақы қоры туралы, жеке мүлкі туралы, электрондық барлық анықтамаларға қызмет алуға мүмкіндігі бар. Мекемеміз Мәделі қожа көшесінде орналасқан. Байланыс телефоны 53 43 99. Осы нөмірге хабарласуға болады.
— Қандай мамандар жұмыс істейді?
— Біліктілігі жоғары заңгерлер бар. 50 -ге жуық маман жұмыс істейді. Аудан ауданға бөлінбейді. Электронды түрде болған соң кез келген азамат келіп қызмет алуына болады. Тұрғындар электронды цифрлы қолтаңба алады, флешка алып осы қолтаңбаны алуға болады. Жеке куәліктеріндегі чиптеріне ЭЦҚ жазып береміз. Егер орталыққа келе алмайтын жағдай болса онда интернет арқылы өтініш тастауына болады. Сосын орталыққа келіп ЭЦҚ-ны бекітіп алуына болады. Орталықта 400-ге жуық қызмет түрін ала алады.
— Компьютерлік сауаттылықты арттыруға қандай шаралар атқарылып жатыр?
— Келушілерге өз өзіне қызмет көрсету секторы жұмыс істеуде. Онда біздің қызметкерлеріміз ЭЦҚ-ны қалай алуы керек, басқа да қызмет түрлерін қалай алуға болатынын үйретеді. Сондай-ақ қызметкерлеріміз оқыту сабақтарын жүргізеді. Мемлекекеттік мекемелерге барып электронды қызметті қалай алу керектігін үйретеді.
— Мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай жағдай жасалып отыр?
Бізде арнайы орындар бекітілген. Ешқандай кедергісіз, кезексіз келіп қызмет ала алады. Арнайы орындар бекітілген. Бірінші, екінші топтағы мүгедектерге арнайы Call орталық қызмет көрсетеді. 1414 сымтетігі арқылы өтініш қалдыра алады. Қызметкерлеріміз анықтама, басқа да керекті қызмет түрлерін үйіне жеткізіп береді.
— Ым ишара тілімен сөйлейтін қызметкерлер бар ма?
— Халыққа қызмет көрсету орталықтарымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша қолайлы жағдай жасалуда. Бүгінде орталығымызда 48 маман жұмыс істейді. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетіп, кеңес береді.