Оңтүстік өңірінде 100 пайызға жуық газбен қамтылған жалғыз Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков былтыр атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асатын жобалар жайын баяндап берді.

Ең басты басымдық ауыл шаруашылығы мен туризм саласын дамытуға жасалмақ. Қарқынды баулардың көлемін 2025 жылға дейін 1371 гектардан 3 210 — гектарға  жеткізу көзделуде. Бұдан бөлек жаңғақ егуді қолға алмақ. Әзірге шаруашылықпен 44 гектарда жаңғақ  ағашының көшеттері отырғызылған.

«Жамбыл бауы» серіктестігі бүгінде 30 гектарда осы дарақтарды екпек. Ең бастысы дайын өнімді өңдеуге де баса назар аударылмақ. Табиғаты керемет өлкенің мүмкіндігі де толық пайдаланып, экологиялық туризмді дамыту бойынша Жабағылы ауыл округінде 22 шақырым веложолы салынбақ. Және қызымбен емдеу-сауықтыру  орталығы  да қолға алынбақ. Бұл игі бастамалар инвесторлардың демеушілігмен жүзеге асатын болады.

Нұрбол Тұрашбеков, Түлкібас ауданының әкімі: «Иірсу  елді мекенінде этноауылдың құрылысына жер учаскелері бөлінді. Енді инвестор қажет. Тағы бір жобамыз — Ақсу-Жабағылыда  Ақсу  арнасында  табиғатты көретін алаңның құрылысын бастамақпыз. Арна Иірсу ауылынан 8 шақырымда орналасқан. Жобаны жүзеге асыру үшін 350 млн теңге қажет.

Шынар Оразова