Жас тәртіп сақшыларының слеті өтті

717

ОҚО ІІД-де жас мамандар мен олардың тәлімгерлерінің облыстық слеті өтті. Салтанатты жиынды ОҚО ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Сұңғат Тленшин ашып берді.

Іс-шараға ОҚО Ішкі істер органдары мен Ұлттық Ұлан кеңесінің төрағасы, ҚР ІІО құрметті ардагері, отставкадағы полиция полквонигі Тұрсынбеков Сержан, Жас Отан – Жастар қанаты ұйымының Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы Молдабеков Бауыржан, Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің аға оқытушысы тарих ғылымының кандидаты Мұрат Сүйіндік, Өзіндік қауіпсіздік басқармасының жеке құрам бойынша инспекциясының бастығы полиция полковнигі Мүсірәлиев Болатбек қатысып, баяндама жасады.

Жиынға Ішкі істер органдарына қызметін атқаруға жаңадан келген Алматы Академиясының 47 түлегі, Қарағанды Академиясының 53 түлегі, Ақтөбе заң институтының 9 және Қостанай академиясының 15 бітіруші түлектері мен олардың тәлімгерлері қатысты.

Кездесу барысында Ішкі істер органдарындағы әр қызмет салалары бойынша тәлімгерлік жұмыстарды жоғары деңгейде атқарып келе жатқан үздік тәлімгерлер мен жас мамандар марапатталды.

Слетқа «Алтыншы бекет» көркемфильмінің басты кейіпкері ҚР ІІМ ҰҰ №6698 әскери бөлімінің сарбазы аға лейтенанты Ербол Отарбаев шақырылып, жастармен кездесті. ОҚО ІІД бастығының бұйрығымен Ербол Отарбаевқа «Қазақстан полициясына 25 жыл» мерекелік медалі тапсырылды.

Департаменттің ауласында орналасқан алаңында жас мамандармен психологиялық тренинг-жаттығулары өткізілді. Жиын соңында жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлер Ішкі істер департаментінің тарихын баяндайтын мұражай экспонаттарымен таныстырды.