Мақтарал аудандық  «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ел бірлігі –  асыл қасиет» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен кездесулер өткізілуде. Аудандағы Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі мен Әл-Фараби атындағы мектеп, сондай- ақ №124 -ші жалпы орта мектеп, «Мәдениет» мектебі, осы үш бірдей білім ұясында жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында тәрбиелік маңызы бар жүздесулер ұйымдастырылды.

10-11 сынып оқушылары ұйымдастырушыларға, кездесуге келген аға буынға көкейде жүрген сауалдарын қойып, тәртіп пен тәрбие мәселесі қызу талқыға салынды.

 

Бұл басқосуға аудандық «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Абай Есенбеков  пен аудандық аналар кеңесінің төрайымы Р.Басымбекова, жергілікті полиция инспекторлары қатысты. Құқықбұзушылықтың алдын алу, түрлі этнос өкілдері арасындағы татулықты арттыру маңызы, ата-анаға құрмет, үлкен мен кішіге мейіріммен қарау сынды тақырыпта кезедсу қонақтары өскелең ұрпаққа ақыл кеңесін аямады.