Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен, Сарыағаш ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданында қайырымдылық марафоны өтті.
«Жеңіс» саябағында балалар үйінің материалдық-техникалық жабдықталуына қажетті қаржыларды жинау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің арасында қайырымдылық марафонына қатысуға ниет білдіргендердің қарасы көп болды. Мемлекеттік қызметшілердің отбасы және олардың балалары арасында «Әкем, анам және мен — спорттық жанұялық» спартакиада болып өтті.
Қайырымдылық іс-шараға аудандағы 400-ге жуық мемлекеттік қызметкерлер қатысып, жиналған қаржы Облыстық жасөспірімдер үйінің материалдық-техникалық жабдықталуына жіберілді.
Іс-шара соңында «Әкем, анам және мен — спорттық жанұялық» спартакиада да жеңіске жеткен мемлекеттік қызметкерлердің отбасыларына аудан әкімінің «Алғыс хаты» мен арнайы кубок, медальдар табыс етілді.