Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 75,5% артты

428
royalautoshow.com

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-наурыз аралығында 200 268 жеңіл көлік тіркелген. Бұл 2017 жылдың осы кезеңінен 75,5% көп, деп хабарлайды inform.kz ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап. Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктер саны 3839,5 мыңды құраған.

Есептік кезеңде 3047 жол-көлік апаты тіркелген. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,4 процентке аз. Сондай-ақ, жол апатынан 4314 адам зардап шеккен.

Осы жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 5,9 млрд теңге сомасына 16 895 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.