Ұрпаққа ұран болған – Ұлы Жеңіс!

1238

Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың, аға буын өкілдерінің, біздердің аталарымыз бен әжелеріміздің биік рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан қасіретті соғыс болса, Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке.

Соғысқа қатысқан майдагерлеріміз бен өмірден озған ата-баба рухына құрмет көрсетіп, тарихымызға тағзым ету мақсатында, бүгін Арыс қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне орай, «Қаһарман Ұлт – Бессмертный полк» іс-шарасы аясында Ұлы Отан соғысы және Ауған соғысы ардагерлерінің, үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партия мүшелерінің, мекемелер мен бөлім қызметкерлері және жастардың қатысуымен іс-шара өтті.

Салтанатты шараға 2000-ға жуық қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Шара барысы қаламыздағы Жеңіс скверінде жалғасын тауып, қаза болған ардагерлерімізді бір минуттық үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойып, қала әкімі М. Қадырбек, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев Ұлы Жеңістің 73 жылдығымен құттықтады.

Іс-шара соңында қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, ардагерлер арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.