Шымкент қ. Абай ІІБ ПБ-не жергілікті тұрғын арызданды, онда ол ағымдағы жылдың мамыр айында белгісіз біреулер шамамен жарты миллион теңгені құрайтын құрылыс материалдарын тұрғызылып бітпеген үйінің ауласынан ұрлап кеткендігін көрсеткен. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.
Шымкент қ. полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында ұрлыққа күдікті ер адамды ұстады. Тергеу нәтижесінде ұсталған азаматтың осыған ұқсас тағы екі өзгенің мүлкін ұрлау жайтына қатысы бары анықталды. Келтірілген жалпы шығын 1,5 миллион теңгеден астам соманы құрады.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыс жасауға қатысы бар жоғын анықтауда.
ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы