Мүмкіндігі шексіз балалардың үкілеген үміті ақталды

743

Мүмкіндігі шектеулі балалар арасындағы «Үкілі үміт» облыстық өнер байқауы биыл да өз жалғасын тапты. Астананың 20 жылдығы мен Халықарлық балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған өнер додасына бұл жолы 70-тен астам бүлдіршін қатысты. Ән айтты, би биледі, қолөнер шеберлігін көрсетті, осылайша мүмкіндіктері шексіз екен дәлелдеді

 

Байқаудың алғашқы номинациясы қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі болды. 6- мен 15 жас аралығындағы қатысушылар жүректерінен шыққан туындыларын көпшілікке паш етті. Олардың қатарында Әділет Кәрімов те бар. Ерекше дарын иесі 13 жаста. Мүмкіндігі шектеулі болса да, қиялындағы бейнелерді қағаз бетіне түсірудің жолын тапқан. Ол 4 жылдан бері қылқаламды аузына қыстырып сурет салып келеді. Туындылары көпшіліктің көңілінен шыққан.

Әділет Кәрімов, байқауға қатысушы: «Мен көбінесе табиғат суреттерін салғанды жақсы көремін. 8 жасымда әкеме арнап сурет салуды армандайтын едім, кейін сол мақсатымды жүзеге асыру үшін аузыммен сурет салуды үйрендім. Болашақта әнші, суретші боламын».

Сондай-ақ, өңірімізден іріктелген 70-тен астам бүлдіршін музыкалық аспапта ойнау, ән, би номинациялары бойынша да өз өнерлерін ортаға салды. Үмітін үкілеп келген қатысушыларға өңіріміздің мәдениет саласының мықтылары бағасын берді.

Астананың 20 жылдығы мен Халықаралық балаларды қоғау күніне орайластырылған байқауды облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және шығармашылық орталығы ұйымдастырды. Олардың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі балардың таланты мен талабын шыңдауға қолдау көрсету – басты мақсат.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды: 

Қылқалам шеберлері:

Бас жүлде Әбіл Қуандық (Төлеби ауданы) 150 000 теңге
І орын Қалдыбаев Асылхан (Шымкент қаласы) 100 000 теңге
ІІ орын Кудратов Ғуламжон (Шымкент қаласы) 70 000 теңге
ІІ орын Жүсүп Талшын (Шымкент қаласы) 70 000 теңге
ІІІ орын Абсаметов Дінмұхамбет (Сарыағаш ауданы) 50 000 теңге
ІІІ орын Елебай Аяла (Шымкент қаласы) 50 000 теңге
ІІІ орын Қырықбай Жанел (Түлкібас ауданы) 50 000 теңге

Қолөнер шеберлері:

Бас жүлде Рысбаева Айдана (Шымкент қаласы) 150 000 теңге
І орын Бөрібай Бағлан (Арыс қаласы)100 000 теңге
ІІ орын Ерланқызы Сабина (Мақтарал ауданы)70 000 теңге
ІІ орын Жаманқұлова Аружан (Қазығұрт ауданы)70 000 теңге
ІІІ орын Анарбаева Гулина (Төлеби ауданы) 50 000 теңге
ІІІ орын Шыныбаева Шахризада (Шымкент қаласы)50 000 теңге
ІІІ орын Манапбаева Ақбота (Сарыағаш ауданы) 50 000 теңге

Арнайы жүлделер:

1. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі
Каримов Әділет (Төлеби ауданы) 30 000 мың
2. «Рухани жаңғыру»
Алекперова Севиля (Шымкент қаласы) 30 000 теңге
3. «Ауыл айнасы»
Абдраманова Аида (Түркістан қаласы) 30 000 теңге
4. «Елге аманат»
Отарова Әдемі (Созақ ауданы) 30 000 теңге
5. «Жас дарын»
Танирберді Мухаметәлі (Төлеби ауданы) 30 000 мың
6. «Балдәурен»
Мирбек Данияр (Шымкент қаласы) 30 000 теңге
7. «Дала дүбірі»
Асылбек Дана (Шымкент қаласы) 30 000 теңге
8. «Жауқазын»
Палмаханов Арсен (Шымкент қаласы) 30 000 теңге

Аспапта орындаушылар:

І орын «Жасын» ансамблі (Шымкент қаласы) 80 000 теңге
ІІ орын Есқараева Ажар (Бәйдібек ауданы) 60 000 теңге
ІІІ орын Дәужігіт Мейірбек, Шүкір Аяжан (Шымкент қаласы) 40 000 теңге
ІІІ орын «Еркеназ» аспаптық ансамблі (Түркістан қаласы) 40 000 теңге

Би номинациясы:

Бас жүлде «Балдәурен» би тобы (Түркістан қаласы) 200 000 теңге
І орын Әділбек Майра (Сарыағаш ауданы)150 000 теңге
ІІ орын Бахитжан Айша (Мақтарал ауданы)100 000 теңге
ІІ орын «Жұлдыз» би тобы (Түркістан қаласы)100 000 теңге
ІІІ орын «Ақжүрек» би тобы (Төлеби ауданы) 70 000 теңге
ІІІ орын «Жауқазын» би тобы (Шымкент қаласы)70 000 теңге
ІІІ орын Дүйсенов Нурали (Сайрам ауданы) 70 000 теңге

Арнайы жүлделер:

1. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі
Сәкен Аман, Пірімқұл Мөлдір (Шымкент қаласы) 50 000 мың
2. «Рухани жаңғыру»
«Арай» би тобы (Төлеби ауданы) 50 000 мың
3. Шара Жиенқұлова атындағы арнайы жүлде
Мырзагелді Қарақат (Арыс қаласы) 50 000 мың

Әншілер үшін:

Бас жүлде Лалиев Абдулализ (Шымкент қаласы) 150 000 теңге
І орын Турсыбаев Бейбіт (Сайрам ауданы)100 000 теңге
ІІ орын Хегай Ирина (Сарыағаш ауданы) 70 000 теңге
ІІ орын Жорабай Думан (Мақтаарал ауданы) 70 000 теңге
ІІІ орын Далхадыр Қарақат (Түркістан қаласы) 50 000 теңге
ІІІ орын Өмірбек Айдана (Қазығұрт ауданы) 50 000 теңге
ІІІ орын Болатқызы Алтынай (Бәйдібек ауданы) 50 000 теңге

Арнайы жүлделер:

1. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының арнайы жүлдесі
Мыңбай Лаура, Тасполат Азамат (Төлеби ауданы) 30 000 мың
2. «Рухани жаңғыру»
Оразбек Ақерке (Шымкент қаласы) 30 000 мың
3. «Жас дарын»
Бақытжан Ардақ (Мақтарал ауданы) 30 000 мың
4. «Бәйшешек»
Мамытов Тоқтар (Шымкент қаласы) 30 000 мың
5. «Әрқашан күн сөнбесін»
Тойкен Сара (Ордабасы ауданы) 30 000 мың
6. «Балдәурен»
Жорабай Дүйсенкүл (Мақтарал ауданы) 30 000 мың
7. «Жұлдыз»
Әлімқұл Жанерке (Отырар ауданы) 30 000 мың

Байқаудың жеңімпаздары республикалық додада бағын сынай алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар ниет білдіріп, ұсыныс жасаса болғаны.