Елдің қамы үшін етігімен су кешкендерге ізет жасаудан Әл Фараби ауданы әкімдігі өкілдері де қалыс қалмады. Мерекеде аудандағы ардагерлер мен оларға теңестірілгендерге, тыл еңбеккерлеріне арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді.
Әуезді әнмен өрілген кеште қонақтар санада мәңгі сайрайтын сұрапыл жылдарды еске алысты. Естеліктер айтты. Қой үстіне бозторғай жұмытрақалаған бүгінгідей заманға шүкіршілік етілді. Аштық пен сұрапыл соғыста жан алысып, жан беріскендер осынау кезеңнің бақытты ұрпағына ұлағат айтты. Жеңіс туын желбіреткендерден жергілікті өнерпаздар да аянып қалған жоқ.