Әуенді субұрқақ іске қосылмақ

496

Әкімшілік іскерлік орталығындағы әуенді субұрқақ іске қосылады. «Жасыл қала» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жұмысшылары субұрқақты дайындап, жуып жатыр. Айтуларынша, бүгін су толтырылып, ертең көпшілікті қуантпақ.

6 гектар алқапты алып жатқан саябақта 50 мыңнан астам раушан гүл мен мыңға жуық түрлі ағаштар отырғызылған. Аптап ыстықта көпке сая болатын субұрқақ бұдан кейін қатаң бақыланады.

Естеріңізге салар болсақ, бұл әуенді субұрқақтың желілері қыс айында екі рет қолды болған. Нәтижесінде ұрылар 600 мың теңге шығын келтірген. Енді осы келеңсіздік қайталанбас үшін, “Жасыл қала” мекемесінің есебінен үш жерге бейнебақылау орнатылыпты.

Нұрлан Күдерұлы