Өз әйелін өлтірді деп айыпталған экс-прокурор қамалды

842

Шымкент қаласы Әл Фараби аудандық сотының санкциясымен экс-прокурор қамауға алынды. Бұрынғы прокурор əйелімен университет ішінде жанжалдасып, баспалдақ үстінде пышақтап тастаған. Экс-прокурорға ҚР ҚК – нің 99 бабы «Қасақана қаза келтіру» бабы бойынша айып тағылуда.

«Қанды оқиға болған күні марқұмның туған күні екен. Заңды некедегі екінші əйелін күдікті өзімен бірге ала келген асхана пышағымен өлтірген деп айыпталуда. Сот санкциясымен екі айға қамауға алынды «деді Әл Фараби аудандық сотының судьясы Ғани Байарыстанов.

Айта кетейік, 11 мамыр күні сағат 16 шамасында М.Əуезов атындағы ОҚМУ – де қанды оқиға орын алған дейді куәгерлер. Ерлі – зайыптылардың арасында туындаған жанжал соңы өліммен аяқталған. Экономика факультетінің қызметкеріне  күйеуі жұмыс орнында пышақ жарақатын салған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері пышақталған əйелді облыстық клиникалық ауруханаға жеткізген. Хал үстінде жатқан əйелді дереу ақ халаттылар ота жасауға алып кеткен. Дегенмен жағдайы тым ауыр науқасты құтқару мүмкін болмаған. Жедел жәрдем қызметінің кезекші дәрігері Жанат Арыстанқызының айтуынша əйелдің кеуде тұсынан 5 рет пышақталған. Біреуі жүректі зақымдаған екен. Ота кезінде 31 жастағы келіншек көз жұмған.