Мақтаралдың қырыққабаты Ресейге жөнелтіледі. Мақтаралдық шаруа қожалығы келісім негізінде көкөністі еліміздің солтүстік өңірелірнен бөлек Казань, Пермь, Нижний Новгород қалаларына жіберуге міндет алған. Бұл меже толық орындалатынына өзі де сенімді, әкімдіде сендірді.
Марат Мырзахметов, шаруа : «500 мың тонна қырықабаттың басым бөлігін сатып қойдық. Түскен қаржыға тыңайтқыш, арнайы техника сатып аламыз. Екі балам көмектесуде. Өзіміздің 7 фурамыз және де қажетті сонша техникамыз бар. Жер аударуға және де өзге де жұмыстарға өзіміздің техниканы пайдаланудамыз. Қазір өндірістік жылыжайларға субсидия бөлінеді, біз сияқты шаруаларға бөлінбейтін болды. Беріп жатса, жақсы, бермесе өзіміздің күшімізге сенеміз».
Мырзахметовтер отбасы кәсібін 18 жыл бұрын бастаған. Алғашқыда 50 гектар жерге қауын еккен. 18 жылда шаруа жылыжайдың, егістіктің көлемін ұлғайтып қызанақ пен асқабақ, қауын қарбыз егіп, жылдан жылға жақсы өнім жинауда. Келешекте шаруа қызыл шие отырғызуды көздеуде. Еңбекқор мақтаралдыққтар үкімет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында кәсіпкерлікпен айналысып өлкенің өркендеуіне үлесін қосуда.
Асан Махамбетов , Мақтарал ауданы әкімінің ауыл шрауашылығы саласы бойынша
орынбасары : » Шаруаларға мына дақылды отырғыз, мына дақылды отырғызба деп біз талап ете алмаймыз. Тек ұсыныс жасаймыз. Бүгінде 138 мыңнан астам гектар жердің 80 мыңнан астам жер алқабында мақта егілген. Бақша өнімдері, көкөніс те жоспардан тыс егілді. Айта кететін жәйт, біздің өлкеміздегі күріштің сапасы өте жоғары. Бұл дақылды егуге ағын су жеткілікті».
Қырыққабат егу бойынша ауданда көш бастайтын Атамекен ауылдық округінің диқандары алғаш өнім берген дақылдың 20 тоннасын Атырау қаласына жөнелтіпті.Ақпанның басында егіліп, бүгінде өнімін беріп жатқан қырыққабат дақылы 892,5 гектар жерге егілген және ол былтырғы жылмен салыстырғанда 112,8 гектарға артық.Жалпы, қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтаралдық диқандар оның артынан қауын-қарбыз егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар 1 жылда екі рет өнім алады.