75 бас ұсақ мал ұрлаған қылмыстық топ құрықталды

380

Түркістан ҚІІБ-на жергілікті тұрғын арызданып, онда жайлымда жүрген 75 бас қойларын белгісіз тұлғалардың жасырын ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт Түркістан ҚІІБ-ның СДТБТ-не тіркеліп, ҚР ҚК-нің ұрлық бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Түркістан ҚІІБ қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылып, жүргізілген іс-шаралар барысында Түркістан қаласының 40-45 жас аралығындағы жергілікті 3 тұрғын анықталып ұсталған.

Полицейлер жүргізген тергеп –тексеру жұмыстары барысында анықталғаны, күдіктілер жәбірленушінің жайылымда жүрген 200 бас қойларының қараусыз қалғанын пайдаланып, олардың ішінен асыл тұқымды 75-ін таңдап алған. Содан соң жүк көлігіне тиеп, Кентау қаласындағы мал базарына апарып өткізген. Түскен қаражатты өз қажеттеріне жаратқан.

Қазіргі таңда аталған қылмыстық іс айыптау актісімен Түркістан қалалық прокуратурасына жолданған.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы