Кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылатын көрме байқауының жаңа талаптары бүгін облыстық кәсіпкерлер палатасында түсіндірілді.
Жеңімпаздарды дәрежесіне қарай бөлу алынып тасталды дейді сарапшылар. Себебі, жеңімпаз болған тауарлар белгілі бір өнім тобына жатады. Олардың тұтынушылық құрамы екі жағдайда да жоғары деңгейде болуы мүмкін. Үш талабында теңдей үш жеңімпаз анықталады. Байқауға ел аумағындағы тауарлар өндірумен, қызметтер көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.
Байқаудың қосымша кезеңі — қоғамдық онлайн дауыс беру енгізіледі. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» аталымдары бойынша онлайн-дауыс беруге қатысатын 27 финалға қатысушы анықталады.
Байқауларға қатысуға ниет білдірген тұлғалар үстіміздегі жылдың 1 шілдесіне дейін өңірлік кәсіпкерлер палаталарына электронды нұсқада байқауға қатысушылардың материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережелеріне сай өтінім мен материалдарды тапсыруы тиіс