Бейбіт өмір сыйлаған ел ағаларына құрмет көрсетуді облыс әкімінің орынбасарлары жалғастыруда. ҰОС ардагері Қалтай Бектасовтың шаңырағында болған өңір басшысының орынбасары Әліпбек Өсербаев ардагерлерге құрмет көрсетті. Жеңіс мерекесімен арнайы құттықтай барған билік өкілдері майдангерге сый-сыяпат жасап, ілтипат білдірді.

95 жасқа толған Қалтай Бектасов Төлеби ауданы, Қызыл Қанат колхозында дүниеге келген. Отбасында 16 бала болған, 1943 жылы 10-қаңтарда соғысқа аттанған. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавловск қаласындағы №38 байланыс ротасында байланысшы мамандығына дайындап, 1943 жылы қараша айында №44 атқыштар дивизиясында автоматшы, 1944 жылы қараша айында «байланысшы» қызметтерін атқарған.

1945 жылы ақпан айында 50 мың жауынгерлермен бірге Жапон империалистерімен соғысуға аттанған. 1946 жылы 25-желтоқсанда елге оралған. 1947 жылдан 1967 жылға дейін Ленгір қаласындағы шахтада бригадир қызметін атқарған. 1968 жылдан бастап Сайрам ауданы колхоз Коммунизм мал шаруашылығымен, жібек құрт өсірумен, тауық фермасында жұмыстар атқарған. Зейнеткерлікке 1984 жылы шыққан.

Сайрам ауданының құрметті азаматы. «Қызыл жұлдыз» ордені, «Қазақстан ССР Жоғарғы Совет депутаты» медалі, «Еңбек ардагері» төсбелгісі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. Бүгінде 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп өсіріп, 32 немере, 50 шөбере және 6 шөпшек сүйіп отыр.