Автобөлшектерді ұрлаған күдікті ұсталды

143

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-не ондаған жергілікті тұрғын арызданды, онда автокөліктен автобөлшектерді ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушінің бірі хабарлағандай, қылмыскер автокөлігінен жарты миллион теңгеге бағаланатын екі жағындағы айнасын алып кеткен. Аталған жайттар «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ полицейлері күдікті ретінде Алматы қ. тұрғынын ұстады. Тергеу кезінде күдіктінің автобөлшектерді ұрлаудың 20-дан астам жайтына қатысы бары анықталды. Өз көліктерін қараусыз қалдыратын автокөлік иелерінің немқұрайлығын пайдаланып, қылмыскер автобөлшектерді ұрлап, сатып отырған, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қазіргі таңда өзгенің мүлкін ұрлау жайттары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас қылмыс жасауға қатысы барын анықтауда.

Автокөліктерден ұрлау жайты орын алмас үшін Шымкент қ. полицейлері автокөлік иелеріне өз мүлкінің сақтығын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдануға кеңес береді. Өз автокөлігіңізді аз уақытқа болса да қараусыз қалдырмаған жөн. Есік, жүк салғыш жақсы жабылған ба, оталдыру орнында кілтті ұмытып кетпедіңіз бе, соны мұқият тексеру керек. Сондай-ақ автокөліктеріңіздің салонында ақша, телефон, құжат секілді бағалы заттарды қалдырмаған жөн.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы